Теміржол билеттерінің жартысынан көбі интернет арқылы сатылған

1056

Теміржол билеттерінің жартысынан көбі интернет арқылы сатылған

Өткен жылы жолаушылар пойыздарына сатылған электрондық билеттер саны 64%-ды құраса, 2018 жылы бұл көрсеткішті 75%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметінше, қазіргі таңда қазақстандықтар билеттерді электронды түрде ресімдеуге басымдық беруде. Жолаушылар интернет сайт, автоматтар, пошта бөлімшелері, халықаралық "Амадеус" жүйесін сәтті пайдалануда.

"Нұрлы жол" вокзалында "Цифрлы темір жол" салалық бағдарламасы қанатқақты жоба ретінде өндіріске енгізілді. Вокзал кешенінде мобильдік байланыс желісіне қосылған веб-портал құрылды. Ол арқылы жолаушы нақты тәуліктің кез-келген уақытында билет сатып ала алады. Пойыз кестесін көреді. Пойыздың келу, кету кестесін көріп, таксиге тапсырыс береді, қонақ үйден онлайн режимде орын алуға, өзі баратын станциясы туралы ақпараттарды біле алады.

Биыл еліміздегі 17 вокзалды сымсыз ақпараттық бейне қабырғаларымен қамту көзделіп отыр. Ол ақпараттық тақтада пойыздардың кестесі, инфокиоск, бағыт бағдарды мониторингілік бақылау, тұрғындары аз елді мекендердің мәліметі, жолаушылардың жедел байланыс орны секілді ақпараттар жинақталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу