2025 жылғы шілде айынан бастап Қарағанды мен Астана арасында 567 орынға есептелген жүрдек электр пойызы қатынай бастайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ал биыл күзде Астана – Бурабай курорттық аймағы бағыты бойынша кезекті жаңа электр пойызы жүре бастайды. Жол жүру уақыты – 2,5 сағат, пойыздың сыйымдылығы – 360 жолаушы.
Биыл 226 жаңа вагон сатып алу жоспарланған. Осы кезге дейін жыл сайын шамамен 150-180 вагон сатып алынса, биылдан бастап 2029 жылға дейін жыл сайын 200-ден астам вагон сатып алынады. Бұл 2029 жылға дейін жолаушы вагондары паркін толықтай жаңартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ биылғы жылдан бастап Stadler Kazakhstan зауыты да вагондарды шығаруға кірісті.