Теміржолшылар акцияға қатысты

881

Теміржолшылар акцияға қатысты

"ҚТЖ" ҰК" АҚ орталық аппаратының 130 қызметкері донорлық қан тапсыру қайрымдылық акциясына қатысты,  деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Қан тапсыру жөніндегі қайырымдылық акциясын "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен ҚР денсаулық министрлігінің "Трансфузиология ғылыми- өндірістік орталығы" РМК бірлесіп жылма-жыл өткізіп келеді.

"Теміржолшылар қашанда жақынына көмектесіп отырады. Біздің еңбеккерлеріміз өз еріктерімен қан тапсыруға белсенді қатысты. Донор ол қашанда дені сау адамның ауруға, өлім аузында жатқан жанға еш ақы сұрамай, жазылып кетуі үшін шынайы қамқорлығын жасайтын адамгершілік әрекеті",-дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова.

Ол "ерікті түрдегі акцияның болашақта жалғасатынын" атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу