Теңге 8 теңгеге әлсіреді

1149

Биржада орташа сараланған бағам 1 доллар үшін 466,31 теңгені құрады.

Теңге 8 теңгеге әлсіреді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) саудада сағат 16:00-дегі көрсеткіш бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы сәрсенбімен салыстырғанда 1,7%-ға (8,11 теңгеге) әлсіреп, 466,31 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кurs.kz мәліметтері бойынша, елорданың ақша айырбастау орындарында долларды сатудың максималды бағамы 16:05-те 469 теңге, Алматыда 468 теңге болды. Ұлттық банктің 31 наурыздағы ресми бағамы 1 долларға 458,2 теңгені құрайды. 

Келесі күні теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленді.   

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу