Теңге бағамы аздап әлсіреді

788

Теңге бағамы аздап әлсіреді

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+1 және (USDKZT_TOM) теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және Т+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD)  еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Бүгін Қазақстан қор биржасында 20 ақпан АҚШ-та мереке күні (Джордж  Вашингтонның туған күні) болғандықтан, есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ долларымен, есептесуі Т+0 еуромен (EURUSD_TOD) АҚШ доллары бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Аталмыш құралдар үшін аталмыш сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 18 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 319,30 теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 16 400 мың құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 46,6088 теңгені (+0,0188 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі – 400 мың юань (-100 мың юань) болды.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу