Теңге бағамы күрт әлсірей бастады

684

Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда-саттық басталғалы ұлттық валюта долларға шаққанда 424 теңгеден 432 теңгеге дейін күрт әлсіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Теңге бағамы күрт әлсірей бастады

Kurs дерегінше, сағат 11:00-де Алматының ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 432 теңгеден сатып алынып, 438 теңгеден сатылуда. Елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатып алу сату 431-436 теңгеге жетті. 

26 мамыр Мәскеу биржасында рубльдің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 10%-дан астам әлсіреп, 65,2-ге жеткен болатын.

Ұлттық банктің бекіткен орташа сараланған бағамы 1 долларға 423 теңге.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу