Теңге бағамы мұнай бағасының өсуіне байланысты 0,9%-ға нығайды

729

 "Қара алтын" 8,4%-ға қымбаттады.

Теңге бағамы мұнай бағасының өсуіне байланысты 0,9%-ға нығайды

Биылға бірінші жартыжылдықта сыртқы нарықтардың құбылмалылығына қарамастан валюта нарығы айтарлықтай тұрақты болды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биылғы жылғы маусымның қорытындысы бойынша теңге бағамы мұнай бағасының 8,4%-ке өсуі аясында бір АҚШ доллары үшін 424,95 теңгеге дейін 0,9%-ке нығайды. Шетел валютасына сұраныстың артуы теңгенің нығаюын тежеуде. Екінші тоқсаннан бастап іскерлік белсенділіктің қалпына келуі, импортқа кейінге қалдырылған сұранысты іске асыру және шетелдік инвесторларға дивидендтік төлемдер есебінен сұраныстың ұлғаюы байқалады. Маусымдағы орташа күндік сауда көлемі 145 млн АҚШ долларына жетті", – деген Ерболат Досаев теңгеге қысым көрсететін факторларды атады. 

"Осы факторларды ескере отырып, шетел валютасына сұраныстың өсуі және АҚШ долларының жаһандық нығаюы теңгеге елеулі қысым көрсету жалғастыруда", – деді Ерболат Досаев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу