Теңге бағамы жыл басынан бері 6,3 пайызға төмендеді

1572

Ұлттық банктің баспасөз қызметі жариялаған 2022 жылғы 18-25 ақпан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу.

Теңге бағамы жыл басынан бері 6,3 пайызға төмендеді

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 25 ақпанда теңгенің биржалық бағамы бір апта ішінде 7,1%-ға (428,32 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 458,91 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні Украина төңірегіндегі қақтығыстың ушығуы аясында көбінесе теріс болды. Сейсенбі күні Ресей Федерациясы ДХР мен ЛХР-дың тәуелсіздігін мойындап, қарулы күштерді қолдануға рұқсат берді. Ресей Федерациясының арнайы әскери операция жүргізуі аясында тәуекел-сентименттің жаһандық төмендеуі және тәуекелдің туындауын болдырмау байқалады. Энергия тасымалдағыштарды жеткізудегі ықтимал іркілістерге қатысты дағдарыстың шиеленісуіне байланысты мұнай бағасын белгілеу рекордтық мөлшерге жетті.

  • Оңтүстік Африка ранды жаһандық тәуекел-сентиментінің төмендеуі аясында 0,2%-ға (15,13-тен 15,16-ға дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы Украинадағы дағдарыстың шиеленісуі және инфляциялық күтулердің өсуі аясында 0,2%-ға (5,14-тен 5,15-ке дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы геосаяси тәуекелдердің өршуі және ақпан айының ортасында инфляцияның күткеннен де жоғары болуы аясында 0,3%-ға (20,29-дан 20,35-ке дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы тәуекел дәрежесінің нашарлауы аясында 0,3%-ға (14 327-ден 14 364-ке дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы жеткізілімдердегі іркілістерге қатысты қауіптерге байланысты энергия тасымалдағыштар бағасының рекордтық өсуі аясында 0,8%-ға (74,66-дан 75,29-ға дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы Украина төңірегіндегі тұрақсыз геосаяси шиеленіс пен инфляцияның өсуі аясында 1,2%-ға (13,66-дан 13,82-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі арнайы әскери операцияның жүргізілуі, Ресейге қатысты санкциялық шектеулердің өсуі аясында 8,1%-ға (77,49-дан 83,75-ке дейін) әлсіреді.

2014 жылғы қыркүйектен бастап "қара алтынның" бағасы алғаш рет барреліне 100 АҚШ долларынан асып түсті. Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу