Теңге бағамының серпіні рубль серпініне ілеспейді – Ұлттық банк

5642

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова kapital.kz-ке берген сұхбатында Ресей валютасының құнсыздануы теңгеге қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Теңге бағамының серпіні рубль серпініне ілеспейді – Ұлттық банк

"Ресей Федерациясымен тығыз сауда қатынастарына қарамастан теңге бағамын белгілеу бірқатар факторға байланысты қалыптасатынын атап өткен жөн. Ұлттық банк теңгенің Ресей рубліне ұқсас серпінін негізсіз және түбегейлі бекітілмеген деп санайды. Өйткені біздің валютамыз үшін сыртқы және ішкі жағдайлар қазіргі Ресей валютасына байланысты болып жатқан жағдайлардан мүлде басқаша, яғни Ресей Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болғанына қарамастан, теңге бағамының серпіні рубль серпініне ілеспейді және оның серпініне тікелей қатысты емес", – деді Әлия Молдабекова.

Оның айтуынша, Ресейдің валюта нарығындағы құбылмалылық Қазақстандағы валюта нарығымен салыстырғанда бірнеше есе жоғары.

"Бұл тікелей теңгеге қатысты рубль құнының төмендеуінен көрінеді. Бір рубль үшін 5-6 теңге аралығында бұрыннан қалыптасқан теңге/рубльдің тарихи бағамы жаңа шынайылықты көрсетпейді және елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Осыған байланысты теңгенің рубльге қатысты қандай да бір тарихи бағамын ұстануды негізсіз деп санаймын", – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу