Теңге бағамының төмендеуі ұзаққа созылмайды

Биржадағы сауданың құбылуы Ресейдегі жағдайға байланысты.  

Теңге бағамының төмендеуі ұзаққа созылмайды Фото: Inbusiness.kz

Апта басында теңге бағамы ресейлік валюта нарығында болып жатқан оқиғалардың жанама әсерінен төмендей бастады. Қазақстан Республикасы мүмкіндігінше ресейлік геосаясаттан алшақтап жатқанына қарамастан, KASE болып жатқан оқиғалардың ықпалы әлі де байқалады.

АҚШ доллары бойынша дүйсенбі күнгі сауда-саттық 450,08 теңге деңгейінде аяқталды.

 Бұл ретте Alpari халықаралық ұйымының сарапшысы Анна Бодрова сейсенбіден ары қарай жағдай жақсарды деп есептейді.

"Дегенмен, эмоциялар толығымен басылғанша нарық тәуекелден бас тарту сценарийін ұстануы мүмкін. Мұнай секторы айтарлықтай теңгерімді болып көрінеді, Brent маркалы мұнай баррелі 74,70 доллардан сатылуда. Шикізаттағы жағдайды жақсарту теңгеге қолдау болады", – деп хабарлады сарапшы.

Бұл ретте ол валюта бағамының ауытқуына қатысты болжамын жарияфлады: АҚШ доллары – 448-451 теңге, еуро – 485-500 теңге, рубль – 5,30-5,45 теңге, юань – 62-64 теңге аралығында сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу