Теңге бір айда барлық негізгі валютаға қарағанда әлсіреді

853

Былтырғы қараша айынан бері мұндай тіркелмеген.  

Теңге бір айда барлық негізгі валютаға қарағанда әлсіреді Фото: Inbusiness.kz

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша теңге барлық негізгі валютаға қарағанда әлсіреген, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық валюта долларға қатысты алғанда айтарлықтай арзандады. Оның ресми бағамы бір айда 14,78 теңгеге өсті. Бүгінде доллардың ресми бағамы 474,47 теңгені құрайды.

DATA HUB жазуынша, 8 ай ішінде алғаш рет теңге рубльге қарағанда әлсіреді. Теңге тамыз айында қалай қымбаттаса (0,11 теңге), сол шамада әлсіреген. Қазіргі таңда рубль 4,88 теңге тұрады.

Қыркүйек айында еуро 3,69 теңгеге қымбаттап, 503,51 теңге болды. Еуропалық валюта бағамы төртінші ай қатарынан көтеріліп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу