Теңге бүгінгі сауда күнінде жаңа рекорд жасады

1318

Теңге бүгінгі сауда күнінде жаңа рекорд жасады

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында USDKZT_SPT, EURUSD_SPT және USDKZT_0_002 қаржы құралдарымен сауда-саттық АҚШта 20 ақпан мереке күні болғандықтан жүргізілген жоқ. 

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 319,18 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 92 500 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен T+0, Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен T+0, Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа  сараланған бағамы бір рубльге  5,5880 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 52 500 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 319,42 теңгені (-1,28 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 117 400 мың (-14 700 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық  +6,1751 % құрады, сауда-саттық көлемі 1 032 900 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған   жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға  белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу