Теңге дағдарыс кезінде рубльге қарағанда аз зардап шекті

419

Осы айда ұлттық валютаға вакцина туралы жаңалықтар мен ОПЕК+ альянсының шешімдері әсер етеді.

Теңге дағдарыс кезінде рубльге қарағанда аз зардап шекті

Желтоқсан айына дейін ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы нығайды. Қарашада теңге 1,7%-ға нығайып, қазір бір доллар шамамен 425,5 теңгеге саудаланып жатыр. 

Мұндай динамикаға сыртқы факторлар мен экспорттаушылардың салық төлемдерін жүзеге асыру үшін шетел валютасын сатуы ықпал етті. Теңгенің нығаюына әсіресе мұнай бағасының өсуі түрткі болды. 30 қарашада Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы бір айда 27%-ға артып, 47,59 долларға жетті. Мұнайдың қымбаттауына коронавирусқа қарсы вакциналардың тиімділігі туралы соңғы мәліметтер ықпал етті.  

Рубль де оң динамиканы көрсетіп отыр. Қараша айында оның бағамы салық төлемдері мен мұнай бағасының өсуінің арқасында 3,9%-ға нығайды. Кей сарапшылардың пікірінше, рубль динамикасында айтарлықтай өсім болмаған. Теңге рубльге қарағанда дағдарыстан аз зардап шеккен. 2020 жылдың 1 қаңтары мен 30 қарашасы аралығында рубль 23,3% -ға, ал теңге бар болғаны 11,1%-ға әлсіреген. Желтоқсанда ұлттық валютаға вакцина туралы жаңалықтар мен ОПЕК+ альянсының шешімдері әсер етеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу