Теңге долларға қатысты айтарлықтай нығайды

KASE-дегі саудада АҚШ валютасы 462,88 теңгеге дейін төмендеді. 

Теңге долларға қатысты айтарлықтай нығайды Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі саудасының қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы 3 теңгеге нығайды. 

Жұма күндізгі сауданың қорытындысы бойынша бағам 1 доллар 465,93 теңге болды. 

Бүгінгі KASE-дегі саудада доллар бағамы 462,88 теңгеге дейін төмендеді. 

Осылайша, төл валютамыз 3,05 теңгеге нығайды.

Ұлттық банктің 11 қыркүйектегі ресми бағамы долларға 466,29 теңге болды. 

kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 461 теңгеден сатып алып, 465 теңгеден сатуда. 

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 462 теңгеден сатып алып, 465 теңгеден сатуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу