Теңге долларға шаққанда 0,5%-ға құнсызданды

865

Таң атқалы екінші деңгейлі банктер АҚШ валютасын 382 теңгеге айырбастап жатыр.

Теңге долларға шаққанда 0,5%-ға құнсызданды

Бүгін төл валютамыздың АҚШ долларына шаққандағы бағамы жарты пайызға түсіп кетті. Оған мұнайдың күрт арзандауы және рубльдің құнсыздануы әсер етті, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір курс – 379 теңге, 78 тиын. Бір жыл бұрын осы уақытта 1 көк қағаз 374 теңгеге сатылған еді. Жыл басталғалы ең жоғары көрсеткіш – ақпан айында тіркелді.

Таң атқалы екінші деңгейлі банктер АҚШ валютасын 382 теңгеге айырбастап жатыр.

ТМД елдері бойынша кірісі жоғары активтер тізімінде теңге – бесінші орында. Көшті Арменияның драмы бастап тұр. Содан кейін Әзербайжанның манаты, үшінші орында Беларусь рублі, сосын Грузия лариі. Ресей рублі Қырғызстан мен Молдава влютасынан кейін 8-орынға жайғасқанымен, дамушы нарыққа кіретін елдер бойынша Болгария мен Исландиядан кейін үшінші орында.

Әлем елдері бойынша, кірісі жоғары активтердің үштігінде – Никарагуа, Мадагаскар және Француз Полинезиясының франкы кірген.

Валютасының кірісі төмен елдер қатарында Швеция, Чехия, Албания бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу