Теңге құлдырады. Автокөлік бағасы не болмақ?

1031

Кеше ұлттық валютаның долларға қатынасы 445 теңгеге жетіп бүгін 438 шамасында тұрақтады.

Теңге құлдырады. Автокөлік бағасы не болмақ?

Наурыздың 16-сы коронавирусқа байланысты елде төтенше жағдай  енгізумен қатар теңгенің құлдырауымен де есте қалды. Ақша айырбастау орындары кеше таңертең көк қағазды 415-тен сатып отырған, түске таяу АҚШ доллары 440 теңгеден асып түсті. 

Ақшамыздың құлдырауы көліктер бағасына әсер ететіні хақ. Әзірше қымбаттаған жоқ, дилерлер наурыздың 19-на дейін бағаны ұстап тұруға уәде берді. Бірінші кезекте импорттық көліктердің құны көтеріледі, артынша Өскемен және Қостанайда шетелдік машинокомплектілерден құрастырылатын көліктердің бағасы шарықтайды. 

Мәлімет бойынша, 2018 жылы жаңа автомобильдердің бағасы 11%-ға, 2019-да 6.3%-ға өскен. 2020 жылы машиналар қаншаға қымбаттайтынын мамандар әзірге тап басып айта алмай отыр.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу