Теңге рубльге шаққанда нығая түсті

458

Алайда доллар мен еуроға қатысты әлсіреуде. 

Теңге рубльге шаққанда нығая түсті Фото: inbusiness.kz

Тамыз айының қорытындысы бойынша ұлттық валюта рубльге шаққанда нығая түсті, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда рубльдің ресми бағамы – 4,77 теңге (бір айда -11 тиын).

Десек те, теңге долларға шаққанда аздап түсті. Америкалық валюта бір айда 13,62 теңгеге артты. Бұл – 2022 жылдың маусым айынан бастап есептегенде айлық ең жоғары өсім. Доллардың ресми бағамы – 459,69 теңге.

Еуроға келер болсақ, ол үшінші ай қатарынан қымбаттап жатыр. Тамыз айында 7,72 теңгеге артып, 499,82 теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу