Теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

1245

Мерзімсіз депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме 9,5% деңгейінде белгіленді.

Теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгедегі депозиттер бойынша 2022 жылдың қаңтар айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп жазды inbusiness.kz.

"Жекелеген банктерде депозиттердің 12 және 24 айлық мерзімді және 24 айлық жинақ салымдарда айрықша шоғырлануы нарықтық мөлшерлемелерге ықпал етпес үшін ұзақ мерзімді депозиттер бойынша максималды сыйақы мөлшерлемелері желтоқсан айындағы мәндік деңгейде сақталды", – деп жазылған хабарламада. 

12 айлық жинақ салымдар бойынша максималды сыйақы мөлшерлемесі 13,9% деңгейінде қалды.

"Мақсат – олардың тартымдылығын сақтау және халықтың ұзақ мерзімді салымдарға деген қызығушылығын арттыру. Мерзімсіз депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер 9,5% деңгейінде бекітілді", – деп хабарлады қор. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу