Теңгелік салымдар басқа валюталардікіне қарағанда басым

974

Бірақ қаржы орталықтарында олай емес.

Теңгелік салымдар басқа валюталардікіне қарағанда басым

Өзге валюталық салымдар басым болып тұрған жалғыз аймақ – Алматы қаласы. Корпоративтік секторда валюталық салымдарды қаржы орталықтары мен батыс аймақтарда сақтағанды жөн көреді, деп хабарлайды Ranking.kz басылымы. 

2019 жылдың соңында ҚР-дағы екінші деңгейлі банктердің салым көлемі 16,4 трлн теңгеге жеткен. Бұл 2018 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштен 7,1%-ға көп. Бұған теңге салымдардың көбеюі әсер етіп отыр. Нақтырақ айтқанда, 17,3%-ға артып, 9,2 трлн теңгеге жеткен. 

Ал шетелдік валютадағы салымдар 3,5%-ға кеміп, 7,2 трлн теңге болған. Ұлттық валютадағы салымдардың үлесі үш жыл қатарынан шетелдік валюталардыкінен басым түсіп отыр: былтыр 51,1%-дан 56%-ға дейін өскен. 

Теңгенің өсімі әсіресе бөлшектік депозитте байқалып отыр. Жалпы жеке тұлғалардың салым мөлшері 2019 жылы 5,9%-ға артып, 9,1 трлн теңге болған. 

Заңды тұлғалар депозиттеріне келер болсақ, 2019 жылдың соңында ұлттық валютадағы салым 52,5%, шетелдік валюталардағы салым 47,5%-ды құрады. 2018 жылы өзге валюталардағы салым үлесі 50,7%, ал теңгедегі салым 49,3% болған еді. Жалпы корпоративтік салымдар бір жыл ішінде 8,6%-ға өсіп, 7,2 трлн теңгеге таяп қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу