Теңгемен берілетін кредит көлемі 87,7%-ға жетті

687

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 0,5%-ға ұлғайып, өткен айдың соңында 15 721,5 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Ұлттық банктің қаржы нарығындағы ахуал туралы есебінде айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Теңгемен берілетін кредит көлемі 87,7%-ға жетті

Ұлттық валютадағы кредит көлемі бір айда 1,2%-ға немесе 13 792,7 млрд теңгеге өсті. Оның ішінде заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі 3,5%-ға төмендесе, жеке тұлғаларға берілген кредит 4,2%-ға ұлғайды.  

"Шетел валютасындағы кредит көлемі 4,2%-ға немесе 928,8 млрд теңгеге азайды. Заңды тұлғаларға берілген кредит 4,1%-ға, жеке тұлғаларға берілген  кредит 10,7%-ға төмендеді. Теңгемен берілетін кредит көлемі 87,7%-ға жетті", – деп нақтылады Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

Белгілі болғандай, ұзақмерзімді кредит көлемі бір айда 0,3%-ға немесе 13 457,9 млрд теңгеге азайды. Ал қысқамерзімді кредит көлемі 1,6%-ға немесе 2 263,7 млрд теңгеге ұлғайды.

"Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 3,6%-ға немесе 2 724,7 млрд теңгеге қысқарды", – деп жазылды Ұлттық банктің қаржы нарығындағы ахуал туралы есебінде.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу