Теңгенің долларға қатысты ресми бағамын белгілеу қағидалары өзгермейді - Ұлттық банк

657

 Тек алаң "USDKZT_TOD" (мәміле жасалған күнгі есеп айырысу) секторынан "USDKZT_TOM" (мәміле жасалған кейін келесі күнге арналған есеп айырысу) секторына өзгереді.

Теңгенің долларға қатысты ресми бағамын белгілеу қағидалары өзгермейді - Ұлттық банк

2018 жылғы 10 қыркүйектен бастап теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы "Қазақстан қор биржасы" АҚ-дағы Т+1 есеп айырысу мерзімдерімен негізгі және қосымша сессиялардың қорытындысы бойынша орташа алынған биржалық бағам негізінде белгіленетін болады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Теңгенің долларға қатысты ресми бағамын белгілеу қағидалары өзгермейді, тек алаң "USDKZT_TOD" (мәміле жасалған күнгі есеп айырысу) секторынан "USDKZT_TOM" (мәміле жасалған кейін келесі күнге арналған есеп айырысу) секторына өзгереді.

Ұлттық банктің "Қазақстан қор биржасы" АҚ-дағы валюталық операциялары да Т+1 жүйесі бойынша есеп айырысулармен "USDKZT_TOM" секторында жүргізілетін болады.

Т+1 есеп айырысу жүйесі халықаралық практикаға сәйкес келеді және әлемдік қаржы нарықтарында операциялар жүргізу үшін стандарт болып табылады. Есеп айырысуды қазіргі Т+0-ден Т+1-ге дейін өзгерту әлемдік қаржы нарықтарымен ықпалдасуды тереңдетуге, шетелдік портфельдік инвестицияларды тарту есебінен өтімділікті ұлғайтуға ықпал етеді, бұл Қазақстанның мемлекеттік қағаздар нарығына Clearstream жүйесі арқылы қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске қосуға байланысты ерекше өзекті болады.

Т+1-ге өту екінші деңгейдегі банктердегі өтімділікті болжау жүйесін жетілдіруді ынталандырады, бұл валюта нарығындағы да, ақша нарығындағы да құбылмалылықты болдырмауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу