Теңгенің құны тұрақты болады деген болжам бар – министр

289

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтарды ұлттық валюта күнімен құттықтады.  

Теңгенің құны тұрақты болады деген болжам бар – министр Фото: Inbusiness.kz

Сонымен қатар теңгенің құнына қатысты сұрақтарға да жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгін – ұлттық валюта күні. 30 жыл бұрын ұлттық валютамыз енгізілді. Сондайы-ақ бүгін қаржыгерлердің де күні. Барлығына құтты болсын!", - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Ұлттық валютаға келсек, біз үш жылдық бюджетте оны 460 теңге деңгейінде анықтадық, деп жалғастырды ол.

Ведомство теңгенің құны тұрақты болады деген болжам жасады. 

"Былтыр геосаяси жағдай қалыптасқан кезде түзетулер жасап, бюджетті нақтыладық. Себебі бізге макроэкономикалық сыртқы факторлар әсер етті, тиісті өзгерістерді бюджет бойынша жасадық. Содан кейін әлеуметтік-экономикалық даму бойынша 5 жылға арналған болжамға тиісті түзету істедік", - деп жауап берді Әлібек Қуантыров.

Айта кету керек, Қазақстанның ұлттық валютасына 30 жыл толғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу