Теңгенің тағдыры мұнай бағасына байланған

1173

Теңгенің тағдыры мұнай бағасына байланған

Осы аптада валюта бағамы қалай өзгеруі мүмкін?

Atameken Business оқырмандарға алдағы аптаға арналған теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.

Пікір білдірген сарапшылардың дені теңге бағамы алдағы аптада мұнай бағасына байланысты анықталады деген ойда. Яғни, өткен аптадағы жағымсыз тенденция қайталануы мүмкін деген қауіп бар. Бұл ретте, өткен аптада бағаның парқына Ливия мен Нигериядағы және АҚШ-тағы мұнай қорының азаюуы, осыған байланысты АҚШ-та мұнай өндірісінің ұлғаюы секілді негативті факторлар мен индикаторлар кері әсер етті. Алдағы аптада рубльдің әлі де нығая түсуі теңгенің жағдайын біршама жақсартуы мүмкін.

Сондай-ақ, рубльге Ресей мен АҚШ арасындағы геосаяси ахуал және АҚШ-тың қиын жағдайғы ішкі саяси жағдайы әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ Ұлттық банктің алдағы уақытта өтетін отырысын сарапшылар келер аптада теңгеге әсер ететін факторлардың бірі ретінде атады. Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz сайтынан оқып біле аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу