"Tengri Bank"-ті тарату туралы комиссия құрылды

852

"Tengri Bank" АҚ қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату туралы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі 2021 жылдың 15 ақпанында заңды күшіне енді, деп хабарлайды kdif.kz сайты.  

"Tengri Bank"-ті тарату туралы комиссия құрылды

Дәл осы күні Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктің тарату комиссиясын құрды. Соған сәйкес банк істерін басқару бойынша өкілеттік қолданыстағы заңнама аясында осы комиссияға беріледі. Тарату комиссиясы он жұмыс күні барысында Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында банкті мәжбүрлеп тарату туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат жариялайды. Онда талап арыздарды қабылдау тәртібі мен мерзімі және мекенжайлар міндетті түрде көрсетіледі.

ҚДКБҚ еске салады, "Tengri Bank" АҚ-тың салымшылары – жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер, кепілдік берілген шекті сомадан артық депозит қалдығын төлеу бойынша талаптары болған жағдайда, осы тарату комиссиясына жүгіне алады.

Тарату комиссиясына өтініш беру мерзімі – баспасөзде "Tengri Bank" АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы хабарлама жарияланған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайды. Өтініш еркін жазбаша түрде "Tengri Bank" АҚ тарату комиссиясы төрайымының атына (Огай Оксана Дмитриевна) жіберіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу