Теңіз кен орнында карантиндік шектеу күшейтілді

731

Бүгінгі таңда Атырау облысы бойынша коронавирус инфекциясының 80%-ы "Теңіз" кен орынынан анықталып отыр. Осыған байланысты, кеніште карантиндік шектеу күшейтілді. Бұл жөнінде бүгін  Атырау облысының Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігері  Амантай Жұмағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Теңіз кен орнында карантиндік шектеу күшейтілді

"7 желтоқсанда Covid-19  жұқтырғандардың 19 -ы Атырау қаласының тұрғындары, ал қалған 42 жағдай Теңіз кен орнындағы жұмысшылардан анықталды.  Науқастармен қарым-қатынаста болған жұмысшылар оқшауланып, медициналық көмек көрсетілуде. 42 жағдай Теңіз кен орнындағы 2 компанияның арасында анықталды. Аталған аурудың 99%-ы профилактикалық мақсатта жүргізілген скринингтік тексерудің нәтижесінде белгілі болып жатыр. Қазіргі таңда аталған 2 компания карантинге жабылды", - деді Амантай Жұмағалиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Жылыой ауданы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 6 желтоқсан күні Теңіз, Прорва, Морской кешендерінде санитарлық талаптарды күшейту жөнінде арнайы қаулысы жарияланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу