Теңіз кен орнында құбыр жарылды

739

Екі жұмысшы қаза тапты.

Теңіз кен орнында құбыр жарылды

Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз мұнай-газ кен орнында жарылыстан қаза тапқандар саны екі адамға жетті, деп  хабарлайды inbusiness.kz.

"6 шілде күні сағат 09:55 шамасында Жылыой ауданында Теңіз кен орнында құбыр жарылып, салдарынан 1985 жылы туған екі жұмысшы қаза тапты. Түрлі дене жарақатын алған үш жұмысшыға медициналық көмек көрсетілуде. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 156-бап, 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін құбырды сынақтан өткізу кезінде жарылыс болғаны хабарланған болатын. Болжам бойынша, құбыр жоғары қысымға шыдамады. Қазіргі уақытта кен орнындағы барлық жұмыстар тоқтатылды. Құзырлы органдар оқиғаның себептерін анықтауға кірісті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу