Теңіз кен орнында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды

180

Теңіз кен орнында өрт шығуына байланысты электрмен жабдықтауда іркіліс орын алды.  

Теңіз кен орнында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды Фото: exclusive.kz

"Теңізшевройл" компаниясының баспасөз қызметі сақтық шарасы ретінде Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылғанын растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Бұл шешім өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінің кейбіріне әсер еткен жағдайға байланысты қабылданды. Зардап шеккендер жоқ. Қызметкерлердің қауіпсіздігі компания үшін ең жоғары басымдық болып қала береді. ТШО-ның техникалық қызметтері оқиғаның бастапқы себебін анықтау бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Компания өкілдері оқиғаның салдарын мүмкіндігінше тезірек жоюға күш салып жатқанын және теріс әсерлерді азайту үшін мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп отырғанын атап өтті.

– Теңіз кен орны мен барлық өндірістік нысандар қауіпсіз күйде, сенімді қорғалған, – деп сендірді ТШО.

Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдай Қазақстан мұнайының экспорттық жеткізілімдеріне әсер етуі мүмкін. Өйткені "Теңізшевройл" елдегі мұнай өндірудің шамамен үштен бірін қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу