Теңіз кен орнындағы күкірттің ауаға таралу себебі анықталды

963

Теңіз кен орнындағы күкірттің ауаға таралу себебі анықталды

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында күкірттің ауаға таралуына электр қуатының сөніп қалуы себеп болған. Мұндай ақпаратты "Теңізшевройл" компаниясының баспасөз қызметі таратты. Онда, жоспардан тыс электр қуатының өшуіне байланысты кешенде газ қалдықтары ауаға тарай бастаған. Қауіпсіздік ережелеріне байланысты онда болған барлық адамдар дер кезінде эвакуацияланған. Компания мәліметінше, кешенде сұйықтықтың төгілуі, жабдықтардың зақымдануы секілді ешқандай оқыс жағдай тіркелмеген. Электр қуаты қайта берілген сәттен зауыт қалыпты жағдайда жұмыс істеуге көшкен.

Айта кетсек, Теңіз кен орнында кеше ауаға күкірт таралып жатқанын жергілікті халық әлеуметтік желілерде жариялаған болатын. Артынша, облыстық экология департаменті тексеріс бастағандарын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу