Теңіз кен орнындағы өрттің алдын ала себебі айтылды

1301

Атырау облысы Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтардың бірінде 5 автобус өртенген.

Теңіз кен орнындағы өрттің алдын ала себебі айтылды

Сарапшылардың пікірінше өрт автобустардың бірінің мотор қозғалтқышындағы сымдардың қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Өрт 5 наурызда сағат кешкі 19.30-да басталған. "Теңіз" вахталық қалашығындағы ССЕР компаниясының тұрағында бір автобус өртенген. Оны компания қызметкері байқаған.

"Оқиға орнын "Теңіз" вахталық қалашығындағы полиция бөлімшесінің қызметкерлері қоршаған. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен соққан жел салдарынан жалын басқа автобустарға шарпып, 5 автобус өртенген", - деп жазылды ССЕР компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Өрт кешкі сағат 21.00-де толық сөндірілді. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Компания қызметкерлері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

"Сарапшылардың пікірінше, өрт автобустардың бірінің мотор қозғалтқышындағы сымдардың қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін. Бұл өрттің алдын ала себебі болып саналады", - деп жазылған хабарламада.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу