Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

137

Бұл туралы энергетика министрі хабарлады.  

Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын Фото: azh.kz

Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары 24 қазанда аяқталуы тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты Energy Monitor-ға сілтеме жасап.

"Теңіз кен орнындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары 24 қазанда аяқталады", – деді ҚР Энергетика министрі.

Reuters агенттігінің мәліметіне сәйкес, қазан айының алғашқы 19 күнінде Теңіздегі мұнай өндіру көлемі қыркүйекке қарағанда шамамен 27%-ға қысқарған – тәулігіне 963,8 мың баррельден 700 мың баррельге дейін төмендеген.

ҚМГ деректері бойынша, 2025 жылы Теңіздегі мұнай өндіру болжамы 35,7 млн тонна болуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу