Теңіз кенішінде вахталық ауысым уақытша тоқтатылады

1505

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде вахталық ауысым уақытша тоқтатылады. Бұл шешім 9 тамызда іске асырыла бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Теңіз кенішінде вахталық ауысым уақытша тоқтатылады

"Теңізшевройл" ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, негізгі басымдық –қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау.

"Осыған байланысты "Теңізшевройл" қызметкерлері арасында COVID-19 ауруының таралуын азайту үшін 2021 жылдың 9 тамызынан бастап "Теңіз" кенішіндегі жедел емес қызметкерлердің вахталық ауысымын және қайта мобилизациясын уақытша тоқтатады.

Аталған уақытша шараның "Теңіз" кенішінде жүргізіліп жатқан жоспарлы жөндеу жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге қатысы жоқ", - деп хабарлады серіктестіктің баспасөз қызметі.

"Теңіз" кенішінде вирустың таралуын болдырмау үшін COVID-19-ға қатысты енгізілген қауіпсіздік шаралары, оның ішінде қызметкерлерді "бөлек жайғастыру" (тұрғын үйлерде, көлікте және жұмыс орындарында), сондай-ақ ПТР-сынамасы мен оқшаулау бұрынғыша сақталатын болады.

"Кен орнына жұмысқа тартылған жұмысшылар арасында вакциналау бағдарламасы жалғасып жатыр. Қазір коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы компонентін салдырған қызметкерлер саны 45 000-нан асты. "Теңізшевройлдың" өндірістік қызметі үздіксіз жалғасуда. Компания Келешек кеңею-Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасына байланысты жұмыстарды қауіпсіз орындауға ерекше мән беріп отыр", - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу