Жоба теңіз порттарында кемелердің кіруін/шығуын ресімдеу кезінде көптеген қағаз құжаттарды электрондық хабарламалармен ауыстыруды көздейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2025-2027 жылдарға арналған көлік саласын цифрландыру мәселелері бойынша жол картасында бекітілген.
Бүгінгі таңда халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) көмегімен жобаға техникалық тапсырма дайындау үшін халықаралық деңгейдегі сарапшылар арасында конкурс өткізіліп, жеңімпаз болып Maritime Single Window (Теңіз бірыңғай терезесі) бойынша практикалық және халықаралық деңгейде стандарттарды пайдалану жөніндегі FAL Конвенциясының талаптарын білу тәжірибесі бар Nexhat Capidani анықталды.
2026 жылғы 9-11 ақпан аралығында Астана қаласында мемлекеттік органдар жүйелерінің интеграциясы және функционалдық үйлесімділігі бойынша теңіз өткізу пункттеріндегі бақылау-қадағалау органдарының талаптарын айқындау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен кездесулер өтті.
12-13 ақпан аралығында Ақтау және Құрық порттарында цифрландыру, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және "Теңіз бірыңғай терезесін" енгізу есебінен теңіз порттарында кемелерді өңдеу уақытын қысқарту мәселелері бойынша стейкхолдерлермен жұмыс кездесулері өтті.
"Теңіз бірыңғай терезесін" құру жөніндегі жұмыс Транскаспий бағытын дамытудағы, теңіз порттарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы, сауда және көлік рәсімдерін одан әрі жеңілдетудегі маңызды қадам болып табылады.