Теңіз вахталық кентінде бір адам көз жұмды

415

Марқұм кісі қолынан қаза тапқан.  

Теңіз вахталық кентінде бір адам көз жұмды Фото: azh.kz

Қаңтардың 16-сынан 17-сіне қараған түні Жылыой ауданындағы Теңіз вахталық кентінде адам өлтіру оқиғасы орын алды. Бұл туралы inbusiness.kz azh.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"ТШО" ЖШС баспасөз қызметі растағандай, "Bonatti" компаниясының екі қызметкері арасында жанжал шыққан. Салдарынан 41 жастағы ер адам пышақ жарақатынан сол жерде көз жұмған. 50 жастағы күдікті қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу