Теңізде COVID-19 жұқтырғандардың саны 963-ке жетті

607

Инфекцияға шалдыққандардың 256-сы сауығып, ауруханадан шығарылған.  

Теңізде COVID-19 жұқтырғандардың саны 963-ке жетті

Атырау облысындағы кен орнында коронавирустық инфекция жұқтырудың жаңа 14 жағдайы анықталды. Жалпы мұнда індет жұқтырғандар саны 963 адамға жетті. 

"Барлық 14 адам мердігер компаниялардың қызметкерлері. Олардан індет байланыста болғандар ретінде скрининг жасалған соң анықталған", – деп хабарлады Атырау облысы әкімдігі.

Инфекцияға шалдыққандардың 256-сы сауығып, ауруханадан шығарылған. Ал жалпы өңірде 2 маусымдағы жағдай бойынша 1 мың 119 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелді. Оның 333 айығып, стационардан шығарылды. 

Бұған дейін "Теңізшевройл" ЖШС нысандарында оқшаулау шаралары 12 маусымға дейін ұзартылғаны хабарланған. Сонымен қатар компанияның 18,5 мың қызметкері өндіріс орынан шығарылған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу