Теңіздегі шикі мұнай өндірісінің көлемі 21 миллион тоннаға жетті

935

Теңіздегі шикі мұнай өндірісінің көлемі 21 миллион тоннаға жетті

2017 жылдың қаңтар айынан қыркүйекке дейінгі аралықта Теңіздегі шикі мұнай өндірісінің көлемі 21,4 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
2008 жылы ТШО шикі газ айдау мен екінші буын зауыттары жобасын аяқтаған болатын, нәтижесінде мұнайдың тәуліктік өндірісі шамамен 75 мың тоннаға (600 мың баррель) және табиғи газдың тәуліктік өндірісі 22 млн текше метрге жетті (750 млн текше фут). 2017 жылдың қаңтар айынан қыркүйекке дейінгі аралықта Теңіздегі шикі мұнай өндірісінің көлемі 21,4 млн тоннаны құрады (171 млн баррель). 
2016 жылмен салыстырғанда Теңіздегі өндіріс айтарлықтай өскен жоқ - былтырғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 20,3 млн тонна мұнай өндірілді (160 млн баррель).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу