Теңізшевройл бос жұмыс орындарын уақытылы хабарлайтын болады – Атырау

576

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Атырау облысындағы жұмыспен қамту деңгейін сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Теңізшевройл бос жұмыс орындарын уақытылы хабарлайтын болады – Атырау

"Бүгінгі таңда 7,6 мыңнан астам қызметкер жұмыстан босатылған, оның ішінде 1,1 мыңы ТШО ішінде, 449-ы компаниядан тыс жерлерде жұмысқа орналастырылды. Электрондық еңбек биржасында бос жұмыс орындары бола тұра, жергілікті атқарушы органдардың жұмыстан босатылған қызметкерлерін жұмысқа орналастыру деңгейінің төмендігін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта Электрондық еңбек биржасында 108 мың бос жұмыс орны өзекті, оның ішінде іске асырылып жатқан ұлттық жобалар шеңберінде 10,4 мың бос жұмыс орны, оның ішінде 12 және 25%-ы техникалық мамандықтар. Әкімдік жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты жандандыруы қажет", – деді министр Тамара Дүйсенова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов және "Теңізшевройл" ЖШС Бас директоры Кевин Лайон ТШО-ны Келешекте кеңейту жобасының және 2022-2023 жылдарға арналған Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасының (бұдан әрі - ККЖ-ҰЕҚБЖ) қызметкерлерін жұмыстан жоспарлы түрде босату және оларды жұмыспен қамтуды мониторингілеу жөніндегі іс-шаралардың жол картасына қол қойды.

Тараптар қол қойған Жол картасында көзделген өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес, ТШО тоқсан сайын ЕХӘҚМ-ге және өңірлердің әкімдіктеріне кәсіптер мен өңірлер бөлінісінде мердігерлік/қосалқы мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты ұсынады, сондай-ақ Электрондық еңбек биржасына орналастырады.

Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту бойынша міндеттемелерді өзіне алады. Оның ішінде, қысқа мерзімді оқуға жіберу, субсидияланатын жұмыс орындарына және Ұлттық жобалар шеңберінде іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналастыру, гранттар мен микрокредиттер беру қарастырылған.

ЕХӘҚМ ТШО қызметкерлерін жұмыстан босату және нақты жұмысқа орналастыру мониторингін жүзеге асырады, жұмыстан босатылатын қызметкерлер үшін бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкелерін ұйымдастырады, жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындауды қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу