Теңізшевройл карантин талаптарын бұзғандарды жұмыстан шығарады

820

Кен орнында санитарлық талаптар қатаңдатылды.  

Теңізшевройл карантин талаптарын бұзғандарды жұмыстан шығарады

ТШО карантин режимін бұзғандармен келісім шарттарын бұзады, деп хабарлады ATPress.kz.

Кен орнында оқшаулану, әлеуметтік қашықтық, бетперде тағу мен тазалық талаптарын сақтау сынды қатаң ережелер енгізілген. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ТШО-ның Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлімдеді. 

"Біз мердігер компаниялар және олардың қызметкерлері талаптарды сақтайды деп ойламыз. Олай болмаған жағдайда еңбек келісім шарттары бұзылуы сынды қатаң шаралар қолданылады", - деді Рзабек Артығалиев.
Сонымен қатар ол Теңізде 8 мың ПЦТ-сараптамасы жасағанын хабарлады.

"Күніне 400 талдау жасалады. Бұл адам санына шаққанда айтарлықтай жоғары", - деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу