"Теңізшевройл" мұнай экспорты үшін Каспий құбыр консорциумын пайдалануды жалғастырады

Компания басшысы КҚК-ны сенімді әрі тиімді бағыт деп атады.  

"Теңізшевройл" мұнай экспорты үшін Каспий құбыр консорциумын пайдалануды жалғастырады Фото: inform.kz

"Теңізшевройл" (ТШО) экономикалық тиімділігіне байланысты Каспий құбыр консорциумын (КҚК) мұнайдың негізгі экспорттық бағыты ретінде пайдалануды жалғастырады. Бұл туралы ТШО бас директоры Кевин Лион Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

"2022 жылы Каспий құбыр консорциумы техникалық қызмет көрсетуде бірқатар қиындықтарға болды, бірақ нақты өндіріс пен нақты құбыр жөнелтілімдеріне бұл кідірістер әсер еткен жоқ", – деді Кевин Лион. 

Сондықтан ТШО КҚК-ны пайдалануды жалғастырады. 

"Себебі бұл бағыт тиімді және сенімді", - деді компания бас директоры. 

Еске сала кетсек, Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын экспорттайтын негізгі бағыты болып табылады. Оған еліміздің мұнай экспорты көлемінің 80%-дан астамын келеді. Желі арқылы жылына 67 млн тонна мұнай экспорттауға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу