"Теңізшевройл" ЖШС мұнайшының шағымына орай түсініктеме берді (Видео)

1254

Компания қызметкердің жеке басына қатысты мәліметтер жария етпейтінін алға тартып отыр.  

"Теңізшевройл" ЖШС мұнайшының шағымына орай түсініктеме берді (Видео)

"Теңізшевройл" компаниясы бұрынғы жұмысшысының Теңіз кен орнындағы экологиялық ахуалдың нашарлығын айтқаны үшін жұмыстан шығарылғанын баяндаған бейнежазбасы кең тарап кетті. Онда ер адам ҚР президентіне, экология, геология және табиғи ресурстар, мұнай және газ министрлеріне кен орнын сыбайлас жемқорлық жайлағанына, күкіртсутегі, аиимак сияқты улы қалдықтардың ауаға шығарылып жатқанына, радиация барына шағымданып, Теңіз "екінші Чернобыль" болуы мүмкіндігін айтады. Сөйтіп, қандай да ір шара қабылдап, кен орнында тексеру жүргізуді сұраған.

"Теңізшевройл" ЖШС мұнайшының шағымына орай түсініктеме берді.  "Қазақстандық экологиялық заңнамаға сәйкес, ТШО атмосфералық ауаның мониторингін қамтитын өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ) жүргізеді. Барлық сынамаларды іріктеу мен талдауды заманауи және сертификатталған жабдықтармен жабдықталған аккредиттелген зертханада білікті мамандар жүргізеді. Жабдық Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті белгілеген тексеру/калибрлеу талаптарына сәйкес тексерістен уақытында өтеді. ӨЭБ нәтижелері туралы есептер тоқсан сайын Атырау облысы бойынша экология департаментіне жіберіледі. Сонымен қатар, 2000 жылдан бастап ТШО қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған шараларға 3 млрд. доллардан астам қаражат жұмсаған, бұл өндірілген мұнайдың бір тоннаға шаққандағы шығарындыларын 74%-ға төмендетті. ТШО 2009 жылы ілеспе газды үнемі жағуды толықтай тоқтатты және бүгінде ілеспе газдың 99% -дан астамы кәдеге жаратылады. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау үрдісі ашық және меритократия қағидаттарына сүйене отырып негізделген, ТШО барлық әлеуетті үміткерлерге тең қол жетімділікті қамтамасыз ететін компанияның сыртқы веб-сайтындағы бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды қоса, тиісті жұмысқа қабылдауды жүзеге асыруға көмектесетін егжей-тегжейлі процедуралар әзірледі", – деп жазылған компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алайда, жұмысшының не себепті жұмыстан шығарылғаны кәсіпорын тарапынан түсіндірілген жоқ. Тек қана мемлекеттік органдар бұл жағдайды анықтап, заңға қайшы ештеңе таппағанын, ал мұнайшының қайтып жұмысқа қабылдауды сұрамағаны айтылып отыр. Сол сияқты, "ТШО-ның ҚР заңдарына сәйкес, қазіргі және бұрынғы қызметкерлері туралы жеке мәліметтер бермеу саясатын ұстанатыны" алға тартылуда.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу