Теңізшевройлға 278 миллион теңге айыппұл салынды

774

Теңізшевройлға  278 миллион теңге айыппұл салынды

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Жылыой аудандық прокуратурасы 30 мамыр күні сағат 8.45-те Теңіз газ өңдеу зауытының "КТЛ-2" қондырғысында құрал-жабдықтың істен шығуына байланысты ауаға зиянды заттардың бөлінгенін анықтады, деп хабарлайды atr.kz.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы, яғни, "Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi" бойынша "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін кінәлі деп таныды. Сәйкесінше, енді кәсіпорын 278 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу