Өткен аптада Анталия ATP 250 турнирінің финалына дейін жеткен А.Бублик бірден бес сатыға (50-ден 45-ке) жоғарылады. Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингісінде бұрынғыша сербиялық Новак Джокович көш бастаса, испаниялық Рафаэль Надаль екінші, аустриялық Доминик Тим үшінші орында келеді. Қазақстандықтардан Михаил Кукушкин 89-ыншы, Дмитрий Попко 165-орнын сақтап қалды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу