Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде үздік ондыққа енді

608

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде үздік ондыққа енді

Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 16-дан бірден 9-орынға көтерілді. Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша секілді командаларды артқа қалдырды. Қазақстандық қыздар биылғы сәуірде елордада Германия теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Әлемдік рейтингіде алғашқы он команда былайша орналасты: 1.Аустралия – 1002,71 ұпай; 2.Франция – 885,6; 3.Испания  884,62; 4.Чехия  842,92; 5.Швейцария  881,81; 6.Канада  780,09; 7.АҚШ  758,09; 8.Словакия  744,23; 9.Қазақстан  704,75; 10.Германия  702,52.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу