Теннистен ұлттық құраманың жаңа капитаны белгілі болды

839

Бұл қызмет теннис федерациясының аға бапкері Юрий Щукинге өтеді.

Теннистен ұлттық құраманың жаңа капитаны белгілі болды

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың шешіміне сәйкес келесі жылы Дэвис Кубогінде Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа капитанның басшылығында өнер көрсететін болады. Бұл жауапты лауазым бұрынғы капитан Диас Досқараевтан теннис федерациясының аға бапкері Юрий Щукинге өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа капитанды тағайындай отырып, Болат Өтемұратов Диас Досқараевқа атқарған ісі үшін алғысын білдірді.

"Осы мерзім ішінде біздің команда үлкен нәтижелерге қол жеткізді, біз бес рет Дэвис Кубогінің ширек финалына шықтық. Федерация вице-президенті ретінде Диас Досқараев көптеген әкімшілік мәселелерді шешуі тиіс, тіпті қазір оларға аса үлкен назар аудару қажет, сондықтан капитандық міндетін Қазақстанның ең танымал теннисшілерінің бірі болған, ал қазіргі таңда білікті бапкер болып саналатын Юрий Щукинге жүктеу шешімі қабылданды", – дейді Болат Өтемұратов. 

Теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев қазақстандық құраманы 2012 жылдан бастап жеті жыл бойы басқарды.

Юрий Щукин – спорт шебері, Қазақстан теннис федерациясының аға бапкері. Соңғы 6 жылда бапкерлікпен айналысып келеді. Қазақстан құрама командасы оның қарамағында, сондай-ақ, жұптық дәрежеде ойнайтын Андрей Голубев пен Александр Недовесов та одан тәлім алуда. Соңғы маусымда олар айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетті: ATP Challenger турнирларында екі рет жеңіске жетіп, бір рет финалға шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу