Терезе орнату қызметін ұсынып, тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды

218

Тергеу барысында оның 18 алаяқтық эпизодына қатысы бар екені анықталды.  

Терезе орнату қызметін ұсынып, тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды Фото: Вечерний Алматы

Астанада пластик терезе орнату қызметін ұсынамын деп тұрғындарды алдаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері "OLX" платформасында жалған хабарландыру жариялап, алаяқтық жасаған 34 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу мәліметінше, күдікті клиенттерден алдын ала төлем ретінде қызмет құнының 70 пайызын алған немесе бөліп төлеу рәсімдеткен. Алайда қаражатты иемденгеннен кейін байланысқа шықпай, ақшаны жеке қажеттілігіне жұмсаған.

Келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгеден асты. Сондай-ақ тергеу барысында оның осыған ұқсас 18 эпизодқа қатысы бары анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды интернет арқылы қызметке тапсырыс беру кезінде сақ болуға және ақша аудармас бұрын ақпараттың шынайылығын мұқият тексеруге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу