Терминологиямен шенеуніктер емес, лингвист-ғалымдар айналысуы керек

659

Республикалық терминологиялық комиссияның жұмысын жақсарту қажет. Бұл туралы Cенат отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Терминологиямен шенеуніктер емес, лингвист-ғалымдар айналысуы керек

Сенатор терминологиямен жүйелі түрде айналысатын ғылыми-практикалық орталық құру қажеттігін алға тартып, қазақ тілінің терминологиясын әзірлеу шенеуніктерге емес, терминнің тілдік табиғатын терең білетін лингвист-ғалымдар мен терминологиялық сөздік жасап, оқулық жазып, терминтанудың қолданбалы мәселесін зерделеп жүрген мамандарға жүктелуге тиіс екенін мәлімдеді. 

"Ел тәуелсіздігі жариялағаннан кейін бұл саладағы комиссияға тіл саясатын жүргізуге жауапты министрліктің басшылары төраға болды. Комиссия құрамына Президент әкімшілігі қызметкерлері, депутаттар, парламенттің аударма бөлімінің меңгерушілері, үкімет пен министрліктердің өкілдері, бас редакторлар енгізілді. Біздіңше өздерінің лауазымдық міндеттері бар, жұмыстары басынан асатын әрі термин мәселесімен жүйелі түрде айналыспайтын мүшелер құрамына кірген комиссия терминологияның қыруар тірлігін мінсіз атқара алмайды. Бұл жағдай терминологиялық жұмыстарды ұйымдастыру мәселесін қайта қарау қажеттігін айқын көрсетіп отыр", – деді Мұрат Бақтиярұлы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу