KazUAV жапондықтарға компанияның 49 пайызын сатпақ

1129

Terra Drone бас директорының сөзінше, жапондықтарға Орталық Азияда сенімді серіктес керек.

KazUAV жапондықтарға компанияның 49 пайызын сатпақ

Жапониялық Terra Drone корпорациясы қазақстандық KazUAV компаниясының 49%-ын сатып алмақ. Бұл туралы KazUAV-тың баспасөз қызметіне сілтемемен "Интерфакс-Қазақстан" хабарлайды.

Шетелдік корпорацияның әзірге нақты қаншаға сатып алатыны айтылған жоқ.

Terra Drone бас директорының сөзінше, жапондықтарға Орталық Азияда сенімді серіктес керек.

Айта кетсек, KazUAV – ұшқышсыз аппарат саласында қызмет көрсететін отандық компания. Ол 2016 жылы құрылған. 2018 жылы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының тапсырмасы бойынша алты әуежай мен әуеайлақ маңындағы аймақты суретке түсірген. 

Ал Terra Drone – дрон қызметін ұсынатын әлемдегі ірі жеткізушілердің бірі. Корпорация құрамында 25 компания бар. 

Автор: Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу