Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

347

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бұл қылмысты жасағаны үшін заңнамада бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылғанын еске салады.  

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады Фото: polisia.kz

Мұндай әрекеттер үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген, деп жазылған inbusiness.kz сайты.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатер төндіріп, адамдарды жаппай эвакуациялауға, мемлекеттік органдардың, білім беру, медицина және басқа да әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмысының бұзылуына әкеп соғады.

Сонымен қатар төтенше жағдай қызметтерінің елеулі күштері мен құралдарын негізсіз жұмылдыруға себеп болады. Осындай барлық хабарлама міндетті түрде тексеріледі, ал оларды таратқан тұлғалар заманауи цифрлық және техникалық құралдарды пайдалану арқылы анықталады.

Киберқылмыстардың алдын алу үшін азаматтарға:

  • тексерілмеген ақпаратты таратпау;
  • интернетте, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған қоңыраулар мен хабарламалар жасамау;
  • балаларға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар үшін ата-аналардың жауапкершілігі бар екенін түсіндіру;
  • қауіп төндіретін хабарламалар алған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау ұсынылады.

Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға және цифрлық кеңістікте жауапкершілікпен әрекет етуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу