Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу мінез-құлық кодексіне қол қойылды

2115

Кодекске әлемнің жетпіс мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері мен жоғары өкілдері қол қойды.

Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу мінез-құлық кодексіне қол қойылды

БҰҰ штаб-пәтерінде Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу мінез-құлық кодексіне қол қою рәсімі өтті. Аталған құжаттың пысықталуы 2015 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген бастамасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсім Арнайы жоғары деңгейдегі іс-шара форматында өткізілді. Кодекске әлемнің жетпіс мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері мен жоғары өкілдері қол қойды.

Кодексті Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов таныстырды. Ол құжаттың негізгі мақсаттарын, атап айтқанда 2045 жылға қарай терроризмге қарсы халықаралық міндеттемелердің кең ауқымын іс жүзінде жүзеге а(сыруға және терроризмнен азат әлемге кең жаһандық коалиция құруға серпін беретіндігін баса айтты. Кодекс алғашқы рет қауіпсіздіктің, терроризммен күресудің және дамудың өзара тәуелділігін таниды және осылайша Тұрақты даму мақсаттарын алға ілгерілетуге ықпал етеді.

Бас хатшының орынбасары - БҰҰ Терроризмге қарсы күрес басқармасының басшысы Владимир Воронков, Африка Одағының бейбітшілік және қауіпсіздік жөніндегі комиссары Смаил Шерги, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы күрес жөніндегі комитетінің төрағасы Густаво Меза-Куадра және БҰҰ терроризмге қарсы күрес орталығының басшысы және Ислам ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы күрес тобының басшысы Абдалла Аль-Муаллими баяндама жасады.

В. Воронков Астананың Мінез-құлық кодексін дайындау бойынша бастамасын жоғары бағалап, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде, оның үстіне террористік құрылымдармен күресуге қатысты үш санкциялық комитеттерінде басшылық етудің табысты жұмысын атап өтті. Терроризмге қарсы бағыт Бас хатшы Антониу Гутерриштің реформалар бағдарламасының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Жаһандық терроризмге қарсы стратегияның (ЖТС) жүзеге асырылуы ең жақсы келістілікті, әлеуетті нығайтуды және сенімді серіктестікті қамтамасыз етеді. Оған қоса, ол ЖТС-ті іске асыру жөніндегі Орталық Азиядағы бірлескен іс-қимыл жоспарын одан әрі жүзеге асыруды және Қазақстанның оған донор ретінде қосқан үлесін қуаттады. Сонымен бірге терроризмге қарсы күрестің кешенді шараларын үнемі жаңартуға, оның ішінде тиімді превентивті құралдарды қолдану арқылы қажеттілікке назар аударылды.

Сондай-ақ басқа баяндамашылар Кодекстің халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы және БҰҰ-ның терроризмге қарсы архитектурасының маңызды қадамы ретінде қабылданғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу