Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтыны белгілі болды

312

Әлемдік спорт жұлдызы ағынан жарылды. 

Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтыны белгілі болды Фото: olimpet.arena

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында ойнайтын португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду спорттық мансабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенбі күні Сауд Арабиясы чемпионатында "Әл-Наср" "Әл-Фейха" клубымен кездесті. Роналду бұл ойында гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Кездесу 2:1 есебімен аяқталды.

"Бұл мен үшін де, бүкіл команда үшін де тамаша кеш болды. Команда жеңді. Мен екі гол соқтым, бұл маңызды. Мен ұзақ жылдық мансапқа құштарлық арқылы жетуге болатынын әрдайым айтып жүремін. Менің бойымда сол құштарлық бар. Гол соғамын ба, жоқ па – бұл менің өмірім. Әрдайым солай болды. Футболдағы 23-24 жыл – менің өмірім. Сондықтан мен футбол ойнауды жалғастырғым келеді", – деді футболшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу