Tesla акционерлері акцияларды үшке бөлуді мақұлдады

624

Олардың бағасы шамамен 300 долларға дейін төмендейді.

Tesla акционерлері акцияларды үшке бөлуді мақұлдады

7 тамыздағы жағдай бойынша компания акциялары бір акцияға 864 доллар шамасында. Tesla өз акцияларын 3-ке бөлмек.

Акцияларды бөлу компанияның бизнес үлгісіне әсер етпейді, бірақ акция бағасын төмендету арқылы қолжетімділік сезімін тудырады, әсіресе енді бастап жатқан инвесторлар үшін қолайлы.

Компания екі жыл бұрын да акциялардың бөлінуін мақұлдаған еді. Ол кезде бірден 5-ке бөлінді. Хабарландыру жарияланған күннен бастап бөлінген күнге дейін баға 60%-ға өскен болатын.

Фото: Shutterstock 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу